Алмас Өтешов қарсыласынан 15 келіні артық көтерді

Алмас Өтешов қарсыласынан 15 келіні артық көтердіБұдан бұрын хабарлағанымыздай, белгілі ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған ауыр атлетикадан турнирде мықты спортшылардың түгелге дерлігі қатысты. 
2013 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Алмас Өтешов бұл жолы 105 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, алтыннан алқа тақты. Ол жалпы есеп бойынша 395 келіні төбесіне көтеріп, екінші орындағы Жамбыл облысының өкілі Искандер Момынбековтен 15 келіге артық орындады. Алмас серпуде 175, жұлқуда 220 келіні бағындырды. Сондай-ақ, аталмыш жарыста 94 келіге дейінгі салмақ тағы бір жерлесіміз – Рүстем Сыбай бақ сынап, серпуде 167, жұлқуда 210 келіні көтеріп, жалпы қорытындыда 377 келіні өзінің есебіне жазды. Ол 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада 77 келіде қола жүлдегер атанған еді. 
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш турнирде белгілі ауыр атлет Илья Ильин 105 келіден жоғары салмақта бақ сынап, өзінің өмірінде тұңғыш рет екінші орын алып қалған еді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 шілде 2014 г. 953 0