Енді мекен-жай анықтамасы талап етілмейді: ІІМ тағы 8 қызметті халыққа электронды форматта ұсынады

Азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер беру - бұл сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын тұрғындар құжаттарды, жәрдемақыларды және басқа қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 10 миллионнан астам мекенжай анықтамаларын сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енді мекен-жай анықтамасы талап етілмейді: ІІМ тағы 8 қызметті халыққа электронды форматта ұсынады
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысқа орналасу кезінде, мектептерде, балабақшаларда, емханаларда, банктерде және басқа да жағдайда азаматтар ХҚКО-ға, мемлекеттік органдарға барып үнемі кезек күттуге мәжбүр.
Ішкі істер министрлігі өз деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетіктерін жеңілдетті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың деректер базасында бар.
Қағазбастылықты жою және мемлекеттік қызметтердің уақытын қысқарту үшін бұдан әрі мекен-жай туралы ақпарат сұралмайды. Нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде.
Сонымен бірге азаматтардың өздері электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттегі тіркеу мекен-жайы туралы ақпаратты тексере алады. Үй иелері портал арқылы немесе «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы мекен-жайы бойынша тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады.
Мекен-жай анықтамаларын беруді тоқтату қағазбастылықтың азаюына және азаматтардың ХҚКО-ға жүгіну қажеттілігін азайтады.
Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырды. Жыл соңына дейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ІІМ тағы 8 қызметті халыққа электронды форматта беруді жоспарлап отыр. Осылайша, ІІМ тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің шамамен 90% -ы автоматтандырылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2019 г. 1 026 0