Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 30 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
 Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық фронттар өтеді осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде  жауын-шашын (жаңбыр,сулы қар), оңтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерлерде қатты жауын-шашын, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша найзағай, тұман күтіледі, жел секундына 15-22 метр күшейеді, шығыста кей жерлерде - көктайғақ. Түркістан облысының кей жерлерінде - тұман, жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі.
 Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі,  Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел секундына 17-22 метр күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 1секундына 15-20 метр күшейеді.
 Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік күтіледі. Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2019 г. 240 0