Қатыгездік қылмыс 26 томды құрады

Қатыгездік қылмыс 26 томды құрады Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрыңғы полиция қызметкері өзінің қарамағындағы адамды аса қатыгездікпен өлтірген қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 (төрт) адамға қатысты 26 том құраған қылмыстық істегі тағылған айыптар мынадай: адам өлтіру; алаяқтық; қаруды заңсыз алып жүру; бөтен адамның мүлкін қасақана бүлдіру; құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау; қызметтегі әрекетсіздік;  қылмыс туралы хабарламау.
Іс сотқа 1 шілде күні түсіп, өндіріске қабылданды. Алдағы уақытта  іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізіледі - деді судья А.Сабыров. Сондай –ақ, судья А.Сабыров журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 шілде 2014 г. 884 0