Ағасын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағасын өлтірген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ағайындылар алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде болып, бірін-бірі балағаттап, соның салдарынан арада ерегіс пайда болған. Жәбірленуші ашуға салынып, асхана пышағын алып, сотталушыға қарсы шабуыл жасаған кезде сотталушының иық тұсынан пышақ бір мәрте тіліп кеткен, сол сәтте ашуға булыққан сотталушы ағасының қолындағы пышақты жұлып алып, соңғыдан кек алу мақсатында ағасының денесіне бірнеше рет жұдырығымен бас және бет тұстарынан бірнеше рет ұрып, жерге құлатып, кеуде тұсынан бірнеше мәрте теуіп, ұрып-соғып оқиға болған жерден кетіп қалып, жәбірленушіні қазаға ұшыратқан.
Сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы ҚПК-нің 337-бабының талабына сай, сотталушыға ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен тағылған айыпты осы Кодекстің 106-бабының 3- бөлігіне өзгерткен.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енбеген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2019 г. 436 0