Байқоңыр қалалық сотында ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушы Д.-ның қылмыстық ісі қаралып шешім қабылданды.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сотталушы Д. жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырған әрекеттер жасаған деп айыпталған. Нәтижесінде сотталушы Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу жөнінде жаза белгіленді. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енбеген.