Шиелі ауданы Еңбекші ауылының тұрғыны 22 жасар Ақарыс Сауранбаев өзі жас болса да, кәсібін бастап, өзгелерге үлгі көрсетіп отыр.
Ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 1 млн 600 мың теңге несие алып, мүйізді ірі қара мал басын көбейтуде. 22 Оның бұл іскерлілігі өзгелерге үлгі боларлықтай. Биыл ауданда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 20 адам шағын несие алса, оның ішінде 5 жастар болып табылады.