Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

«Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Руслан Рүстемов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға барлығы 12 азамат жазылып, аудан басшысына жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.
Қабылдауға келген азаматтардың талап-тілегін тыңдаған Руслан Рүстемов оларға Заң аясында құқықтық түсіндірме беріп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы қадағалауда болатынын жеткізді.
Қабылдауға келген Тереңөзек кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Мұхит Наурызбаев қайтарымсыз грант алу жөнінде мәселе көтеріп, өз сұрағын қойды. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы Р.Рүстемов «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» аясында ауданда нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, кәсіпкерлікке ынталы азаматтарды қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Тереңөзек кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Мұхит Наурызбаевқа аудандық «Жұмыспен қамту» орталығына барып, тиісті құжаттарды тапсырып, мемлекет тарапынан қабылданған жобаларға қатысу керектігі айтылды. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жеке кәсіпкерге құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қарап, қайтарымсыз грант алуына қолдау көрсету жөнінде тапсырылды.
Жеке мәселелері бойынша қабылдау қорытындысында аудан басшысы тиісті бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Сырдария аудан әкімінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2019 г. 517 0