Президент науқастанып қалды

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров науқастанып қалды. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау минситрі Эльхан Сүлейманов мәлімдеді деп хабарлайды "Грозный" Шешенстан мемлекеттік телерадиокомпаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, Шешенстан басшысы тыныс алу жолдарының қатты ауруына шалдыққан. Бұл дерт климаттық жағдайлардың өзгеру әсерінен белгілі бір мезгілде пайда болады.
Эльхан Сүлейманов атап өткендей, бұл кез-келген адам үшін қалыпты құбылыс. Аталған дерт Шешенстан басшысының денсаулығына қандай да бір елеулі қауіп тудырмайды. Жақын арада ол толығымен жазылып, өз қызметіне қайта кіріседі.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Рамзан Қадыровтың ауыр хәлде жатқанын, оны емдеу үшін Ресей астанасына жіберу жоспарланып отырғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қыркүйек 2019 г. 512 0