Жаңақорған аудандық сотының сот залында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігімен, 177 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 314 бабының 1 бөлігімен Х.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сотталушы Х-ның өзі мемлекеттік қызметкер бола тұра алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау, сенімге қиянат жасау арқылы, қызметтік жалғандық жасағаны, яғни ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін, жазасын 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына, оны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды.