Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек әлем чемпионатына баратын үздіктерді атады. Олардың арасында Қазалы ауданының былғары қолғап шебері 75 келі салмақта жұдырықтасатын Ақерке Бақытжан да бар.
Жерлесіміз бокстан ел біріншілігінің чемпионы. Сондай-ақ, 4 жылда бір өтетін Жазғы спартакиада ойындарының жеңімпазы. Бапкері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаев.
Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 3-13 қазан күндері Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтеді. Еліміздің намысын Ақеркеден бөлек, Балкибекова Алуа (48), Қызайбай Назым (51), Жоламан Дина (54), Ходжабекова Айжан (57), Волосенко Римма (60), Сафронова Милана (64), Шакимова Дариға (69), Шолтай Фариза (81) және Исламбекова Дина (+ 81) қорғайды.
Қазалылық қайсар қызға әлемдік додадан олжалы оралуына тілектеспіз. Сәттілік тілейміз!
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі