Нидерланды кубогының 1/64 финалындағы "Квик Бойс" пен "Катвейк" матчында төрелік еткен Роб Диперинк аяғының сынғанына қарамастан, ойынды соңына дейін жеткізді. Бас қазының аяғы сынған сәтті Fox Sports Twitter желісінде жариялады, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі.
Негізгі уақыттың соңына қарай төреші аяғының ауырып тұрғанын білдіріп, ойынды тоқтатуды сұраған. Аяғын дұрыс баспаған болуы мүмкін. Жедел жәрдем алған Диперинк матчтың соңына дейін жұмыс істеп, алаңда қосымша тағы 30 минут өткізді. Нәтижесінде "Катвейк" 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матчтан кейін медициналық тексеріс болып, төрешінің тобығы сынғаны анықталды.