Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы мәліметті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мәнізоров мырза, Алматы облысы әкімінің орынбасары, шынында ұсталды. Біз осыны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның іс-әрекеттерін нақты саралау үшін оған қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айып тағылатыны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылып жатыр", - деді Бектенов Сенатта журанлистердің сұрағына жауап беріп. Оның айтуынша, басқа мәліметтер жарияланбайды екен.
"Өздеріңіз білесіздер, тергеу құпиялығы деген ұғым бар, қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары бар. Қандай да бір ақпарат шыққан уақытта БАҚ өкілдеріне хабарландырамыз. Бабы әзірше белгісіз", - деді ол. Әкімдіктегілер Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді