Президент Қазақстан халына Жолдауында 2020 жылды Еріктілер жылы болатынын атап өтіп, ондағы маңызды міндеттердің бірі – жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, оларға белсенді өмірлік позицияларды сіңіру керектігіне тоқталды.
Әрине, волонтерлік қызметтің аясы өте кең. Бүгін қызылордалық нұротандықтар мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау мақсатында жасақталған волонтер ұстаздармен кездесті.
Шарада алдымен қоғамдағы ұстаздар мәртебесі, жалпы волонтер дегеніміз кім, оны қалай дамытамыз, еріктілер жылында қандай жұмыстарға басымдық беруіміз қажет деген мәселелер көтеріліп, ортақ талқыға түсті.
Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназароваеріктілік қағидасы жастардың өз белсенділігін көрсетіп, адамдарға көмек берумен ғана емес, өз бойындағы, өмірлік маңызды дағдыларын дамытып,тәжірибе жинауға, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала екенін атап өтті. Сондай-ақ, волонтерлық қызметке жұмсалған уақытты, тұлғалық дамуға құйылған инвестиция деп қабылдау керектігін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директорыБақытжан Сайлыбаев,«Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық ұйымы төрайымы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Райкүл Байназаровалар ПрезидентЖолдауын, еліміздегі білім саласына қатысты реформаларды табысты жүзеге асыруда ұстаздар қауымына артылар жауапкершіліктің қашанда зор екенін ерекше атап өтті.
Кездесуден мол тағылым алған жастар қауымы да өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.
-Бұл жиында біздер, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанынан құрылған «Жастар кеңесі» мүшелері өзіміздің ашық ойларымызды айтып, еркін пікір алмастық. Волонтерлер жылында да бұған дейін атқарып жатқан жұмыстарымызды, одан әрі жандандырып, ел игілігіне адал қызмет ететінімізді білдірдік. Кездесу өте қызықты, мағыналы, құнды өтті. Біздерге деген ыстық ықылас, жанашырлық сезіндік, -дейді қаламыздағы №235 орта мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарыЖанар Сағындықова.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында өткен шарада жас ұстаздар партия филиалының алғыс хаты және «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық ұйымы арнайы сыйлықтарымен марапатталды.