Республика көлемінде «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шара аясында бүгін №12 І.Қабылов атындағы ІТ мектеп-лицейінде қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Әлия Нұрмағанбетова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мира Ибадуллаеваның ұйымдастыруымен 2-сынып оқушыларға ашық сабақ өтті.
Бұл сабақта қауіпсіз жаяу жүргіншілер ережелері, жол белгілерін білуі бойынша көріністер көрсетіліп, эссе жазудан және сурет салудан сайыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның соңында белсенді қатысқан оқушылар Қызылорда ҚПБ бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі