Рудныйда жарамсыз қаруларды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех ашқан екі ер адам бас бостандығынан айырылды. Олар биыл сәуірде екі келі жарылғыш зат сатпақ болған кезінде қолға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех жасаған Д. Басакин мен А. Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды", - дейді ҰҚК-де. © ҚР ҰҚК Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 291-баптары бойынша айыпты деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта фигуранттардың бірі іздестіріліп жатыр.