Облыста жол апаты 58%-ке көбейген

Қызылордада жолдағы қайғылы оқиғаларды азайту үшін апатты, қауіпті аймақтардың жол картасы әзірленеді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс прокуроры Н.Бижанов үйлестіру кеңесінде жол-көлік оқиғасы көп тіркелетін елді мекендерде жылдамдықты бақылау камераларын көбейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық тасжолдың бойына қосымша жол белгілерін қою, малдың өтуіне тосқауыл болу үшін шарбақтар орнату, жолға жақын ауылдардың малын бақылауда ұстау мақсатында бақташы белгілеу туралы тапсырма жүктеді.
Айта кетейік, биыл 6 айда өңірде 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 58%-ке көбейген. Оқиға салдарынан 270 адам түрлі жарақат алып, 44 адам қайтыс болған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2019 г. 384 0