Алматы қаласында ауыр атлетикадан белгілі ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнир болып өтті. Оған ұлттық құрама сапындағы көптеген спортшылар қатысты.
Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де аталмыш турнирде бақ сынады. Өкінішке орай, толағай талантымыз бұл жолы чемпиондық атаққа қол жеткізе алмай, екінші орынды місе тұтуға тура келді. Айта кетелік, ол жарыста 105 келі салмақта тұңғыш рет бақ сынаған болатын. Сондықтан оның оңтайына келмеді ме, осы жолы күміс жүлдені қанағат тұтты. Ол жалпы алғанда 424 келіні бағындырды. Алтын медаль Ибрагим Берсановқа бұйырды.
Ол бұған дейінгі барлық халықаралық және республикалық жарыстарда тек қана алтын медаль олжалап келеді. Алдағы уақытта ол жаңа салмағында да жеңімпаз тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.