Дәрігерлерге арналған семинар өтті

Облыстық диагностикалық кеңес беру орталығында ауруды ерте анықтау, қызметкерлердің мерзімді медициналық тексерістерден уақытылы өтуін қамтамасыз ету мақсатында семинар өтті.

 «Алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерді жүргізу тәртібі, кәсіптік ауруларды ерте сатысында анықтау мәселелері» тақырыбында өткен жиынға облысқа қарасты емхана дәрігерлері қатысты.

Кәсіптік еңбек қызметі процесінде жұмысшылар белгілі бір дәрежеде денсаулығына зиян келтіретін қолайсыз өндірістік факторлармен жұмыс жасайтыны белгілі.  Зиянды өндірістік факторлардың жұмысшылар денсаулығына жағымсыз әсері тек соматикалық аурулардың пайда болуымен ғана емес, түрлі дәрежедегі кәсіби аурулардың да пайда болуына әсер етеді. Осыған байланысты міндетті медициналық тексерулердің маңызы өте зор.

Биылғы жылдың І жартыжылдығында мерзімдік медициналық тексерулермен қызметкерлердің қамту үлесі 99,5% немесе  6459 адамды құраған. Медициналық байқау қорытындысымен 430 соматикалық ауру табылған. Анықталған аурулардың 66,6%-не амбулаториялық емделуге, 16%-не санаториялық-курорттық емделуге, 4,4%-не диеталық тамақтану, 13% стационарлық емделуге ұсыныс берілген.

Медициналық байқау қорытындысымен 125 акті рәсімделген. Соңғы үш жылда медициналық тексерулер жүргізу барысында кәсіптік ауру өте төмен дәрежеде анықталды. 2019 жылдың 6 айында профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу мәселелері бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен 15 емдеу-сауықтыру мекемелеріне жоспарлы тексерулер жүргізілген. Профилактикалық тексеруді ұйымдастыру бөлігінде санитариялық заңнамада  анықталған заңбұзушылықтар бойынша 8 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынған.

Семинар соңында алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерді сапалы әрі уақытылы жүргізу, кәсіптік ауруларды ерте сатыда анықтау бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар берілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қыркүйек 2019 г. 423 0