Үстіміздегі жылдың 21-25 шілде аралығында Қызылорда қаласындағы "Динамо" спорт кешенінде өткізіледі. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 22 жыл толуына арналған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, күш және басқа да арнайы құрылымдарының қызметкерлері арасындағы шағын футболдан республикалық турнир өткізіледі.
Бұл шара «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының үшінші жазғы салалық спартакиада бағдарламасы бойынша ұйымдастырылмақ. Турнирге Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті,Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі, ІІМ Ішкі әскері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Бас Прокуратурасы, Кедендік бақылау комитеті, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, Республикалық гвардиясы, Президенттің күзет қызметі, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қорғаныс Министрлігінің командалары жарыс жолына түседі. Барлығы 13 команда өзара бақ сынасады.Жарыс 22 шілдеде сағат 10.00-де салтанатты түрде ашылады.