« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстандық әйел Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызда босанып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жолаушылар тасымалы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 қыркүйекте Тараз-Шу учаскесінде болған. Гүлнұр Жолдас есімді жолаушы пойызда сәбиін өмірге әкелді.
«Пойыз бригадасы жолаушылардан әйелді босандыру үшін кәсіби көмек сұрады. Акушерлік тәжірибесі барлар пойыз қызметкерлерінің өтінішіне құлақ асып, көмекке ұмтылды», - делінген хабарламада.
Компания жолаушы Шолпан Ембаева, Даркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваға, сонымен қатар пойыз басшысы Меруерт Қорабаеваға алғыс білдіреді.
«Дәрігерлер мен пойыз бригадасының кәсіпқойлығы мен біліктілігінің арқасында әйел аман-есен босанды. Пойыз бригадасы барлық көмекті көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Шу станциясына жеткенде жолаушы мен оның жаңа туған нәрестесі жақын арадағы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қыз балаға пойыз басшысының құрметіне Меруерт деген есім берілді.
Компанияның пойыз құрамының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренингтерден өтеді және ерекше жағдайларда әрекет ету бойынша тренингтер өткізеді. Өткен жылы пойыздарда 10 сәби дүниеге келген.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |