Қала туралы үздік бейнеролик авторы анықталды

Қала күні мерекесі аясында  «Менің сүйікті қалам – Қызылорда» атты бейнероликтер (жас вайнерлер) сайысы өтті.

№3 ІТ мектеп-лицей базасында өткен сайысқа 30-ға жуық үміткер қатысты. Жас жеткіншектердің қала тарихын тану, отансүйгіштікке тәрбиелеу, айналаны таза ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста оқушылар белсенділік танытты. Сайыс қорытындысында І орын екі үздік бейнеролик авторына берілді. Олар №3 ІТ мектеп-лицей оқушысы Қарлығаш Әбіләкім мен №198 мектеп оқушысы Ксения Цойдың туындысы үздік шықты.

Атап айтарлығы, оқушылар туған қаласы туралы бейнеролик түсіруде өз шеберліктерін көрсете білді. Әрқайсысы үздік деуге лайық бейнероликтер арасынан жеңімпазды анықтау қазылар алқасы үшін оңай болған жоқ. Сол себепті сайыс қорытындысында жеңімпаздар есімі аз болмады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қыркүйек 2019 г. 458 0