Қызылордада ҚАЖД бастығының орынбасары ұсталды (видео)
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары парақорлыққа қатысты күдікпен қолға түсті, - деп хабарлады Nur.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әділет майорына ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол қарамағындағы қызметкерден қамқорлық танытуға уәде беріп, ақша бопсалаған.
Қазіргі күні аталған факт бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.