« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны Гагарин атындағы №1 старт алаңына тұрғызылды. Ол «Союз МС-15» басқарылатын кемесін алып ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Роскосмос баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алғашқы старт күнінің бағдарламасы аясындағы жұмыстар басталды, мамандар соңғы техологиялық операцияларды жүргізіп жатыр. «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыранының жүйелері мен агрегаттарын ұшар алдында тексеріп алу сынақтары басталды.
Зымыранды старт алаңына шығару процедурасын көру үшін «Роскосмос» басшылығы, ғарышкерлердің отбасы мүшелері, ғарыш агенттіктері мен ғарыш-зымыран саласындағы кәсіпорындардың өкілдері, журналистер, туристер келді.
Алдағы старт «Союз-ФГ» зымырандарының соңғы – жетпісінші ұшуы болмақ. Бұдан тыс, зымыран Халықаралық ғарыш станциясына Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш ғарышкерін апарады. Содан кейін «Гагарин старты» жаңғырту үшін жабылады.
Жоспар бойынша, «Союз-ФГ» 2019 жылғы 25 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19 сағат 57 минут 43 секундта ұшады.
Еске салайық, негізгі экипаж: ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка, америкалық Джессика Меир және БАӘ өкілі Хаззаа әл-Мансуриден тұрады. Олардың дублерлары - Сергей Рыжиков, Томас Маршбёрн және Сұлтан әл-Неяди.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |