«Екі жұлдыз» ерекше өтті

«Жастар жылының» аясында облыстық филармония­ның концерт залында облыстық дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлері мен облыстық филармония әншілерінің «Екі жұлдыз» жұптасып ән салу жобасы жоғары деңгейде өтті. 

"Екі жұлдыз" шарасында өнер көрсеткен облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің әдіскері Ақтоты Абдуллаева мен облыстық филармонияның әртісі Жалын Жүсіпов, "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубының операторы Әуезхан Толыбеков пен ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық филармония әртісі Үміт Медеуова, Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық мамандандырылған мектебінің тәрбиешісі Ақмарал Сұлтанбекова мен облыстық филармония әртісі Ринат Үсенов, "Қайсар" спорт клубының экономисі Зульфия Ниязшаева мен  облыстық филармонияның әртісі  Бекзат Молдабергенов    сияқты  жұптар әдемі, әуезді әндерімен көрермен көңіліне тамаша әсер қалдырды.

 Мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, насихаттау, халық арасындағы өнерлі адамдарды таныту, көркемөнерпаздар мен кәсіби мамандарды байланыстыру, бірігіп ән салуына мүмкіндік берген концерттік шара осылайша өз мәресіне жетті.

Жоба қорытындысы бо­йынша "Өнерлі жұп" номинациясымен "Қайсар" футбол клубының операторы Әуезхан Толыбеков пен филармония әртісі Үміт Медеуова, "Көрер­мендер көзайымы" номинациясымен Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық  мамандандырылған мектебінің тәрбиешісі Ақмарал Сұлтанбекова мен филармония әртісі Ринат Үсенов, "Жұлдызды жұп" номинациясымен "Қайсар" ойын түрлері бойынша спорт клубының экономисі Зульфия Ниязшаева мен филармония әртісі Бекзат Молдабергенов марапатталды.

Бас жүлдені №2 облыс­тық олимпиадалық ­резерв­тің мамандандырылған ­ба­­­ла­лар-жасөспірімдер мек­те­­­бі­нің әдіскері Ақтоты ­Абдуллаева мен филармония әртісі Жалын Жүсіпов иеленді.

Ғазиза ӘБІЛДА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2019 г. 734 0