Аралда «Жол картасына» маңыз берілуде

Аралда «Жол картасына» маңыз берілуде Арал ауданында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылдың 6 айында осы бағытта ауқымды іс-шаралар жүзеге асты. 
Аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысуға 617 адам (2013 жылы 282) ниет білдіріп, бүгінгі күнге әлеуметтік шарт жасағандар 613 (оның ішінде өзін-өзі қамтығандар 191, жұмыссыздар 422) адам (2013 жылы 282 адам) , 99,3 пайызды құрауда. Бірінші бағыт – ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша 3 жоба қолға алынып, осының нәтижесінде Арал қаласындағы №220 мектеп пен Шижаға ауылындағы №57 мектепте күрделі, Мойнақтағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бағдарламаға қатысушы жоспар бойынша 19 адам бекітілді,  олардың барлығы жұмысқа орналасты. 
Екінші бағыт бойынша шағын несиелендіру бөлінген қаржы көлемі 367,1 млн теңгені құрайды, игерілгені 180,4 млн. теңгені шамалап отыр. Кәсіпкерлік негіздері курсы «Parasat ConsuIting» ЖШС-і оқыту мекемесі арқылы жүргізіліп, жоспарланған қатысушы саны 120-ні құрайды. Үшінші бағыт бойынша қайта  даярлау  курстарына 8,078 млн теңге бөлінген. Осының нәтижесінде ниет білдірген азаматтар шаштараз, аспазшы, электродәнекерлеуші, қайық моторисі секілді мамандықтарлы игерді. Бағдарлама негізінде бұдан да басқа атқарылған жұмыстар аз емес.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2014 г. 717 0