Бүгін Сыр елінде түркітілдес елдердің өнер фестивалі басталды.
Ал дәл қазір А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде "Тұран - түркі есігі, Қорқыт - жырдың бесігі" атты фестиваль өнерпаздарының концерті өтуде. Түркі елдері өнерпаздарының басын қосқан шарада Грузиядан келген "Мдзлевари" ансамблі, Сербия елінен келген Тлаим Эди, Татарстаннан келген "Нұр" ансамблі өнер көрсетті.