Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Ведомствоаралық жұмыс тобының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Отырыста бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2019 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар мен проблемалық мәселелері бойынша тоқталып өтті.
2019 жылдың 8 айында 25695 отбасына қаржы көлемі 10 млрд. 876 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын, сондай-ақ, 1101 отбасыға берілген 155 млн. 653 мың теңге белгілі себептермен
(табысын жасыру, т.б) мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатқызылғандығын атап өтті.
Отырыстағы екінші мәселе бойынша Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы Ж.Жұмабаева жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарының барысын баяндады.
Жыл  соңына дейін жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 56 қызмет түрі автоматтандырылып, электронды форматқа көшірілуі тиіс.
Оның ішінде 30 қызмет жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қалған 26 қызмет түрі орталық мемлекеттік  органдар арқылы автоматтандырылады.
Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің шешімімен тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2019 г. 458 0