« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сенбіде қалалық мәдениет және демалыс паркінде «Денсаулық фестивалі –2019» акциясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты.
Аталған шара «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында республикада соңғы жиырма жыл көлемінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль «Денсаулық сандарына қол жеткіз!» ұранымен ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар арасында арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру секілді бірқатар ұлттық спорт түрлерінен жарысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орны» жобасына енген мекемелер арасындағы эстафеталық сайыс та шара мазмұнын аша түсті. Оған қоса қала тұрғындары мен фестивальға қатысушылар жастардың заманауи би түрлерінен өткен жарысты тамашалады. Сондай-ақ, «Таза ауада тыныста!» ұранымен бүлдіршіндердің майыса жасаған йога жаттығулары да көпшілік назарын еріксіз аударды.
Бұл күні медициналық қалашық жасақталып, қала емханалары мен емдеу ұйымдары тұрғындарға қызмет көрсетті. Атап айтқанда, УДЗ, ЭКГ, флюро автокөлігі, глюкометр аппараттары келушілердің жан-жақты тексерістен өтуіне жағдай жасады. Тұрғындар қан қысымын, салмағын өлшетіп, қандағы қант мөлшері мен холестерин деңгейін тексертіп жатса, стоматолог, кардиолог, эндокринолог, фтизиатр, педиатр және тағы басқа дәрігерлер кеңесіне жүгінушілер көп болды. Сондай-ақ, акция аясында жергілікті тауарөндіруші кәсіпкерлер өнімдерінің «Денсаулық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Онда қала кәсіпкерлері өндірген сүт, қатық, құрт, май, ірімшік секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық тағамдармен бірге, түрлі кондитерлік өнімдер сатылды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов аталған акцияның маңызы туралы айтып, жиылғандарды бірінші байлықтың қадірін білуге шақырды.
– Халқымыз денсаулықты бірінші байлыққа балағаны белгілі. Себебі, дені сау адам ғана мемлекеттің, ұлттың ең құнды қазынасы, жарқын болашағы болмақ. Мемлекетіміз тұрғындар саулығына үнемі назар аударып келеді. Осы мақсатта елімізде, соның ішінде біздің өңірімізде де көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Емдеу-сауықтыру нысандары салынып, медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын жақсартуға жағдай жасалуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында да бұқаралық спортты дамыту жайы нақтыланып, медицина саласын жетілдіру бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретіні айтылды. Ендеше жастарды, қала тұрғындарын спортқа тарту, саламатты өмір салтын ұстануға шақыруда бүгінгі шараның маңызы зор деп ойлаймын,– деді Н.Байқадамов.
Акция барысында шараға белсенді қатысқан ұжымдар мен жастар, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына және «Жастар жылына» орай облыста салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолдау көрсеткен бірқатар мекемелер алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Акция өнерлі жастардың концертімен жалғасты.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |