Танымал әнші, "Арнау" тобының экс-солисі Жанар Хамитова Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде асылып қалған деп жазады inKaragandy.kz порталына сілтеме жасаған
KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректі растады. Ведомство қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады. Кейін Қарағанды қаласы ПД әншінің өліміне қатысты пікір білдіріп, ақпаратты растаған болатын.