Қызылордалық полицейлер 2 мыңға жуық тұрғынға кеңес берді

13-14 қыркүйек күндері аралығында облыс аумағында республикалық  «Жолда қабылдау»  акциясы  өтті.    

Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында   жүргізілген екі күнге созылған акция облыс орталығында және барлық аудандарда өткізілді.    

Екі күн бойы өткізілген акция барысында 2000-ға жуық тұрғын  түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Келген тұрғындардың барлығы көкейіндегі сұрақтарын  еркін қойып, тұшымды жауаптар алды.

Полицейлер тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.

 

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2019 г. 488 0