Қыркүйек айының 13 күні сағат 08:30 шамасында Қызылорда ҚПБ ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Ережеева Ғалия Ертайқызы жұмысына бара жатқан жолында көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатының терезесінен бір ер азаматтың секіргісі келгенін көріп, ал подъезден осы уақытта қарсы бір қыз шығып, телефон арқылы полицияға қоңырау шалып жатқанын байқады.
Сол сәтте еш ойланбастан полиция майоры Ғалия Ережеева подъезге жүгіріп кіріп, есігі ашық болған пәтерге жоғарыға көтеріліп, жартылай терезеден ілінген мас күйінде жігітті көреді.
Содан кейін, жағдайды тез бағалай отырып, ол онымен сөйлесіп, оны секірмеуге үгіттеді. Біраз уақыттан кейін ол онымен бірге далаға шығып, сүйіктісімен жанжалдасып қалуына байланысты өміріне қол салғысы келгендігін түсіндірдіЖігіт Сырдария ауданы Жетікөл ауылының тұрғыны болып шықты. Оқиға орнына шақыру бойынша келген патрульдік полиция экипажы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, наркологиялық орталыққа жеткізді.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі