Сыр өңірінің тумасы, елімізге белгілі өнертанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық Сәулет академиясының академигі Бек Ибраев дүниеден озды. Сәулетші Түркі әлемінің абызы Қорқыт ата ескерткіш-кешенінің авторы болатын.
Бек Әнуарбекұлы 1947 жылы Қызылорда
қаласында дүниеге келген. Сәулетші
Қазақ техникалық университетінің архитектура факультетін және аспирантурасын бітірген. 1970 - 74 жылдары осында оқытушы, 1978 - 86 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылым қызметкер, 1987 - 90 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1990 жылдан «Елдана» жобалау бюросында археолог болып қызмет атқарады. Оның сәулет өнері саласындағы еңбектері:
Қорқыт ата ескерткіші (1980, Қызылорда облысы), Ш.Уәлихановтың мемориалды кешені (1985, бұрынғы Талдықорған облысы), Қабанбай батыр (1990) және Абай кесенесі (1995, Шығыс Қазақстан облысы),
Райымбек батыр кесенесі (1992, Алматы қаласы; бәрі де басқа авторлармен бірге) т.б.