Әлем чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет келесі кезеңге шықты
Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет келесі кезеңге шықты. Ол бүгін шаршы алаңда Чехия спортшысы Милос Бартлды 5:0 есебімен жеңді. Ал тағы бір жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға 17 қыркүйекте шығатын болады. Айта кетейік, аталған Әлем чемпионаты 8 қыркүйекте басталды.