« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыстың кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков аймақтағы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші кәсіпкерлер үшін «сүйінші» жаңалықты жеткізді.
Осыған дейін, кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы министрлігі қолданысқа енгізген мамандандыру схемасының жергілікті кәсіпкерлердің құқығын шектеп отырғаны жайлы мәселені түрлі алаңдарда көтеріп келген болатын.
Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасына» сәйкес облыста бірқатар бағыт бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерге қол жеткізе алмай келген. Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары алма өсірумен айналысқанымен, мамандандыру схемасында біздің облыс аудандарының ешқайсысы да алма бағын өсіру бойынша басым бағыттар қатарында көрсетілмеген еді. Бұл бағытта іс бастап жүрген азаматтар субсидияға немесе «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржыны алуға қол жеткізе алмады. Көршілес Түркістанның кәсіпкерлері алма еккені үшін субсидия алатын болса, жанында тұрған Жаңақорған, Шиелі аудандарының азаматтарына бұл қолжетімсіз болды. Кәсіпкерлер палатасы Министрліктен кәсіпкерлерге тең жағдай жасап, бұл тармақты алып тастауын сұрады.
Біздің ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері картоп пен мақсары еккені үшін, сүт бағытындағы ірі қара мал өсіргені үшін де субсидиядан, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржыдан қағылып келді.
Кәсіпкерлер палатасының өңір кәсіпкерлерімен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірге тиісті министрлікке берген ұсынысы қабылданып, 2019 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандандыру схемасына өзгерістер енгізді.
Өзгерістерге сай ендігі жерде мақсары еккені үшін Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері, картоп еккені үшін Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданының, алма мен жүзім еккені үшін Шиелі мен Жаңақорған аудандарының, сүт бағытындағы ірі қара мал өсіргені үшін Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарының кәсіпкерлері субсидия, сонымен бірге «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тарапынан берілетін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігіне ие болды.
«СБ» ақпарат.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |