ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы ҚР Үкімет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс Мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқып, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.
Түрлі жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы, «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
Шымкент қаласының әкімі лауазымынан 2019 жылдың 30 шілдесінде босатылды.