Танымал актриса жансақтау бөлімінде жатыр

Анастасия Заворотнюк ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті, - деп жазады "Тенгриньюс.кз" сайты Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.  
"Моя прекрасная няня" сериалымен танылған актриса екі апта бұрын аурухунаға түскен. Бүгін жағдайының нашарлағанына байланысты оны жан сақтау бөліміне ауыстырған.  "Заворотнюк Еуропада ем алған, өкінішке қарай, ол оң нәтиже бермеді", - деп жазды арна. 
 Бұған дейін Mash Анастасия Заворотнюктің ауыр сырқатына байланысты миы ісінгенін жазған болатын. Актриса күні бойы жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған. Оған төрт жыл бұрын Жанна Фрискенің сырқатымен бірдей диагноз қойылған. Сыртқаттың өзі актрисада бір жыл бұрын анықталды, соңғы уақытта Еуропада емделген еді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қыркүйек 2019 г. 595 0