Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қоғамда зор ықыласпен қабылданып, қолдау табуда.
Жолдаудың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» - деп аталуына үлкен мән берілуде.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болатыны құптарлық.
Жолдауда «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» - деп атап көрсетіліп шағын, әсіресе микробизнестің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды роль атқаратыны айтылған.
«Шағын және орта бизнес - ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді»- дей келе, бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінетіні айтылған.
Жолдауда елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауда да біршама шаралар белгіленген. Атап айтқанда:
Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсыруы;
2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субьектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тиым салу туралы шешім күшіне енетіні;
Бизнестің, әсіресешағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс делінуі;
Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсыруын кәсіпкерлер зор ризашылықпен қабылдаудамыз.
Президент Жолдауын өз ұжымдастарым «Сыр Маржаны» ЖШС-і қызметкерлерімен бірге талқыладық. Менің ұжымдастарым Жолдауда қамтылған барлық мәселелерді қуаттауда. Әсіресе, Жолдаудың дамыған агроөнеркәсіп кешені, Ұлттық қорды тиімді пайдалану, зейнетақы жүйесін дамыту туралы баптарына олар ризашылықтарын білдіруде.
Мен де, өз кезегімде, облыстық маслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, кәсіпкер ретінде Президент Жолдауының халыққа жетуіне, өзімізге қатысты мәселелерінің орындалуына өз үлесімді қосатын боламын.
Мінәжадин ӨТЕЕВ
Қызылорда облыстық маслихатындағы
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі