Ғасыр жасаған әжелермен кездесу кеші өтті

Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық Мәдениет үйінде ғасыр жасаған аналарымыздың құрметіне арналған «Ғасыр ғұмыр -  берекелі белес» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, ғасыр жасаған аналарымызды мерейтойларымен құттықтады. 

Ғасыр жасаған аналарымыз келешек ұрпаққа үлгі болатын, кейінгі жас өнеге алатын талай елдік істердің басында жүріп, ер азаматтармен иық теңестіре еңбек етті. Елге де, ерге де сын сағат соққанда елдің тыныштығын сақтап, қоғам жүгін қайыспай көтере білген аналарымыз өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігінің басы, қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ел әлеуетін көтеруге қазір де сүбелі үлес қосып келеді, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Кеш барысында ардақты аналарға облыс, аудан әкімінің арнайы құттықтаулары табысталып, сый-сыяпат көрсетілді.

Шара барысында кеш кейіпкерлеріне ұзақ жасаудың сыры, бала тәрбиесі, кешегі мен бүгінгінің айырмашылығы туралы бірқатар сұрақтар қойылып, ақыл-кеңестері тыңдалды. Сондай-ақ, ғасыр жасаған әжелердің шөберелерінің қолынан су ішу, бата беру рәсімі өтті. Шара ғасыр жасаған аналарымыздың құрметіне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

  Айта кету керек, ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі, өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналарымыз бар.  Ауданымызда 330 ана «Алтын алқа» тақса, 620 ана «Күміс алқа» иеленді. Ал, 68 «Батыр ана» мен 68 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталды.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қыркүйек 2019 г. 823 0