СҚО мен Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК мамандары Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 қыркүйек таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
12 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.              
12 қыркүйек күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
12 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында күн күркірейді. Батыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қыркүйек 2019 г. 770 0