Қыркүйек айының 09-12 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Осы шараға ОПД-нің 229 қызметкері жұмылдырылды. Олардан 23 мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 160 шетелдік анықталды. Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 18 ҚР азаматына және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 9 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Өзбекстан Республикасының 42 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылды. Өзбекстан Республикасының 21 азаматы республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 3 азаматы ҚПБ-ның қабылдау тарату орнына жеткізілді.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі