Бүгін - білікті хирург Камал Ормантаевтың туған күні

83 жыл бұрын (1936) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрметті директоры Камал Сәруарұлы Ормантаев дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған.

Ірі ғалым, бірқатар басымдықты ғылыми бағыттардың негізін қалаушы, педагог және жоғары білікті хирург, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2000 және 2003 жылдарда «Алтын адам» сыйлығына ие болды. ҚР профилактикалық медицина академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
«Парасат» орденімен марапатталған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қыркүйек 2019 г. 505 0