Банктен алған несие туралы егжей-тегжейлі білгіңіз келе ме немесе «несие тарихы» бойынша анықтама қажет пе? Оны egov.kz порталы арқылы алу оңай!
Бұл үшін:
- Порталда авторланыңыз;
- «Дербес несие есебі» қызметіне тапсырыс беріңіз;
- Өтінішті толтырыңыз;
- ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
Несие есебі туралы ақпарат сіздің жеке кабинетіңізге 15 минут ішінде келеді. Жылына бір рет «несие есебі» қызметін тегін алуға болады, қайтара сұрату - ақылы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі