« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың мектепте еден жууына байланысты мәселеге пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
БАҚ өкілдері министрден "оқушы кезіңізде еден жудыңыз ба?" деп сұраған. "Әрине, ондай болды. Ол уақытта мұндай қатты резонанс болған жоқ. Еден де жудық, парта да жудық. Біз мұны тәртіп ретінде қабылдадық, жууға болмайды деген ойымызға да кіріп шықпайтын", - деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, білім және ғылым министрлігінің күн тәртібінде оқушыларға еден жуғызу мәселесі тұрған жоқ. Министр мектеп бюджетінде әкімшілік-техникалық персоналға қаражат пен штат қарастырылғанын жеткізді. Аймағамбетов мұндай жұмыс оқушылар мен ата-аналардың рұқсатымен ғана жасалуы тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар министр мектептің оқу-тәрбие процесінде балаларды еңбекке баулу өте маңызды жұмыс екенін алға тартты. Оның пікірінше, оқушыларды еңбекке үйретумен мектеп те, отбасы да айналысқаны жөн.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |