Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентінде орналасқан №27, №30 мектептерде болып, атқарылған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданымызда қарқынды жұмыстар жүруде.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқу корпусының 2 оқу корпусы, сондай-ақ  №27 орта мектебінің1-ші негізгі оқу корпусының құрылысы аяқталып пайдаланылуға берілген.

№27 орта мектебінде биылғы жылы жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, сұйытылған газга ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылма - жыл тиісті талап-деңгейге келтірілуде, білім беру саласы бойынша жалпы барлығы 8 нысан, оның ішінде: 1 колледж, 2 мектептің күрделі жөндеуі,  5 мектептің жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды.

Аудан басшысы Мұса Оспанұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 664 0