Қазнет қолданушылары әлеуметтік желілерде ақтаулық 15 жастағы жасөспірімдердің үйлену тойын қызу талқылауда. Қалыңдық өзін алып қашқанын, ал қайтып келген қыздың әрекеті ұят деп саналатынын айтты. Өзіне қойылған көпт сұрақтардан шаршап кеткен қалыңдық ерте некеге тұрудың себептері туралы айтқан жазбасын жариялады, - деп жазады
Stan.kz.
Қыздың айтуынша, күйеуі екеуі 15 жаста, 2004 жылы туған. Екеуі де қазір колледжде оқиды. Жас жұбайлар нақты шешім қабылдамас бұрын 3-4 ай бойы қарым-қатынаста болған.
«Ата-аналары қарсы ма екен деп сұрайды. Әрине, олар басында қарсы болды. Олар мені ұрлап әкетті, өйткені қайтып келген қыз жаман дейді, мен қалуды жөн шештім. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз», - деп жазды жас қалыңдық.
Қыздың инстаграм парақшасына қарағанда үйлену тойы осы жылдың шілде айында болған. Көптеген қолданушылар ерлі-зайыптылар ресми некеге тұрмайды, бірақ мешітте мұсылмандық рәсімін өткізеді деп болжады.
Заң бойынша Қазақстанда неке 18 жастан бастап тіркелуі мүмкін, кейбір жағдайларда жасын төмендетуге болады, бірақ екі жылдан аспайды. Егер ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған болса, ата-анасының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімі қажет.