Қаладағы Қорқыт ата көшесі бойында жеңіл көлік жүргіншілер жолында жолаушыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зардап шеккен азаматша медициналық мекемеге жеткізілді. Автокөлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.