Бөлім бастығы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды

Алматы облыстық құрылыс басқармасының бөлім бастығы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізіп, аймақтық құрылыс басқармасына қарасты заң бөлімінің бұрынғы басшысы Е.Б.Бисеріктің жеке компания басшылығынан 1,5 млн теңге пара алғанын анықтады.  
«Ол мұны аталмыш компанияны мемлекеттік сатып алу конкурсының жауапсыз қатысушылар реестріне қосу мерзімін кейінге шегеру үшін алған. Сондай-ақ, басқарма бастығы алаяқтық жолмен компанияның 3,5 млн теңгесін қалтасына басқан және 8,5 млн теңгені жымқыруға әрекет жасаған. Одан бөлек, компания басшысын мамандандырылған экономикалық соттың судьяларына 3,5 млн теңге көлемінде пара беруге бірнеше рет айдап салған. Облыстық құрылыс басқармасының бастығына 8,5 млн теңге пара беру керектігін айтып, азғырған» делінген хабарламада.
 6 қыркүйек күні Талдықорған қалалық сотында Бисерікке үкім шықты. Ол пара алу, пара беруге азғыру және алаяқтық қылмысы үшін 8 жылға сотталды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2019 г. 363 0