Арал қаласының сәулеттік келбетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағытта игілікті іс-шаралар атқарылуда.
Арал қаласынан 5 жерден скверлер құрылысы (кіші сәулеттік нысандар), қалада екі көшенің автомобиль жолдарын кеңейтіп, жаңадан бордюрлар орнатылуда. Қала көшелерінің қауіпті жол тораптарына 6 жерге бағдаршамдар қойылады . Сондай-ақ, 6 жерге соңғы үлгідегі аялдамалар орналастырылуда. "Сонымен қатар, биылғы жылы қаланың 5 мөлтек ауданынан балалар ойын алаңының құрылысын жүргізуге 10 миллион теңге, бағаналарды түнгі безендіруге 14,5 миллион теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары басталып кетті" деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.