« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулығы негізінде ойтолғау платформасы өтті. Шараға қаладағы студенттер, оқытушылар және тіл мамандары қатысты.
Мұндағы негізгі мақсат – бүгінгі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, өз ұлтының мәдениеті мен тілін қадірлейтін жас буынға Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттерін нақты мысалдар негізінде түсіндіру және талдау. Ең бастысы, креативті, заманауи ел жастарының бағыт-бағдарын айқындайтын іс-шараға қол жеткізу.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты критерийі – саналы ұрпақ, сапалы білім және бақуатты мемлекет. Оның тірегі – «ұлттық код» пен «жаңғыру». Ұлттық код – ұлтымыздың жеке дара құндылығы мен мол мұрасы. Ал, жаңғыру – соны игере отырып, тарихыңды тану, өткеніңді жетік біліп, болашағыңды нұрлы ету. Міне, бүгінгі талқыланып отырған оқулық «Тіл біліміне кіріспе» оқулығымен қатар университет студенттеріне дәріс құралы ретінде пайдаланылып келеді. Шәкірттеріміз осындай ұшан-теңіз ғылыми ақпарат беретін кітаптардың жемісін көруде, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Күлдірсін Сарышова.
Жиынға қатысушылар аталған оқулықтан тіл мен мәдениет арқылы жасалған әлемді танып, сөйлеу мен коммуникацияның ішкі қиындықтарынан хабардар болды. Әрі мәдениетаралық коммуникация жайлы кең мағлұмат алды.
– «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабы – 100 жаңа оқулық аясындағы аудармалардың бірі. Мұнда лингвистиканың барлық аспектілері қамтылған. Сонымен қатар, әр ұлттың тілдік ерекшеліктері мен ұлттық сипаты, болмысын ашып көрсеткен. Бір ерекшелігі, бұл кітап елші тәрізді, бір жағынан, ұлт пен ұлттың, түрлі этнос өкілдерінің өзара қатынасын достыққа итермелейді, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті журналистика мамандығының студенті Дастан Айтбай.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |